Валюталық операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың назарына!
28-09-2017

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы (ҚРҰБ АҚФ) Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына, Қазақстан Республикасында Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тіркелген валюталық операциялар мен хабарлауға жататын операциялар бойынша тоқсан сайынғы есептерді ұсыну мерзімдері туралы естеріңізге салады:

  • Коммерциялық кредитті, қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына №7-қосымша;
  • Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу бойынша есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына № 8-қосымша;
  • Валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына № 9-қосымша;
  • Шетел банкiндегi банктік шоттағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына № 11-қосымша.

2017 жылғы 3-тоқсанның валюталық операциялар бойынша есептер жоғарыда аталған нысандар бойынша 2017 жылдың  қазанның 10-ына дейін (қоса алғанда) қабылданатын болады. 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары Ұлттық Банкінің интернет ресурсында орналастырылған (www.nationalbank.kz. жолы: «Нормативтік құқықтық база» бөлімі → «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» шағын бөлімі →  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  Басқармасының 28.04.2012 жылғы №154 «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы қаулысы» нормативті құжаты).        

Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларында  3-ші мен 4-ші қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша 2017 жылдың  3 тоқсандағы есептері 2017 жылғы  қазанның 20-сына дейін (қоса алғанда) қабылданатын болады. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары Ұлттық Банкінің интернет ресурсында орналастырылған (www.nationalbank.kz. жолы: «Нормативтік құқықтық база» бөлімі → «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» шағын бөлімі → Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015-жылғы № 263 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары).     

2017 жылдың 3-тоқсанның төлем балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаулары белгіленген мерзімде тапсырылады: №№ 2-ТБ, 3-ТБ, 4-ТБ, 5-ТБ, 6-ТБ, 10-ТБ нысандары 2017 жылғы  қазанның 30-ына дейін (қоса алғанда), ал № 1-ТБ нысаны – 2017 жылғы  қарашаның  10-ына дейін (қоса алғанда). Төлем балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын ҚРҰБ-тың интернет ресурсында (www.nationalbank.kz. жолы: «Статистика» бөлімі → «Статистикалық және әкімшілік есеп беру нысандары» шағын бөлімі →  «Төлем балансы бойынша статистикалық есеп нысандарының тізімі » шағын бөлімі) табуға болады.

Сонымен бірге тапсырмай, мерзімінен тыс  және шынайы емес есептілікті   ұсынған үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (243,497 баптар бойынша) сәйкес жауапкершілікке тартылатыныңыз туралы естеріңізге саламыз.

Сұрақтар туындаған кезде мынадай телефон номерлерімен хабарласуларыңызды сұраймыз:

1-ТБ нысаны бойынша, валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларының қосымшалары бойынша есептілікті ұсыну:  2443625, 2443638, 2443641, 2443642, 2443643, 2443645, 2443646, 2443648  (303, 323 кабинеттер), (AF­­_29@nationalbank.kz, AF­­_32@nationalbank.kz, AF_99@nationalbank.kz, Dzhantasova.a@nationalbank.kz, Akharkyn.Matibayeva@nationalbank.kz, samal.bekmoldina@nationalbank.kz, kiilybayeva.sh@nationalbank.kz, Volobuyeva_S.@nationalbank.kz,    Kristina.Gebel@nationalbank.kz).

Халықаралық қызмет көрсетулер мен валюталық мониторинг бойынша:  2443647, 2443649 (212 кабинет), (AF­­_23@nationalbank.kz, AF­­_31@nationalbank.kz). 

ҚРҰБ АҚФ орналасқан жері – Панфилов көшесі,98, Әйтеке би көшесімен қиылысы.  Есептер жұмыс күндері сағат 9.00-дан 12.30-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ға  дейін қабылданады. Факс номерлері: 244-36-21, 244-36-39.

 

Есепті электрондық түрде тапсыру мүмкіндіктері туралы

 

          Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем балансы бойынша статистикалық есеп беру нысандарын электрондық түрде «ҚРҰБ веб-порталының пилоттық жобасы» ААШЖ (әрі қарай – Портал) арқылы ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлайды.

          Есепті Портал арқылы ұсыну оны қағаз түрінде ұсыну қажеттілігін алмастырады. Порталда жұмыс істеу бойынша ұсыныстар ҚРҰБ интернет-ресурсының есептерді ААЖ «ҚРҰБ веб-порталының пилоттық жобасы» арқылы электрондық түрде ұсыну бойынша жадынамада, мына бөлімдерде баяндалған:

Статистика → статистикалық және әкімшілік есеп беру нысандары → төлем балансы бойынша статистикалық есеп нысандарының тізімі;

Валюталық реттеуà валюталық операцияларды тіркеу және олар туралы хабарлау режимдері.

          Порталмен жұмыс жасау үшін (https://nbportal.nationalbank.kz сілтемесі арқылы өтіп, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту және Порталдың басты бетінде орналасқан Порталмен жұмыс жасау Нұсқаулығымен (әрі қарай - Нұсқаулық) танысу қажет.

          Нұсқаулықты қолдана отырып, Порталда «Есеп жазбасын жасау» пунктін басып, тіркеу рәсімін өту қажет. Есеп жазбасын жасағаннан кейін Портал арқылы кейінгі есептілікті тапсыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға Порталда онлайн өтінімді қалыптастырып, жіберу қажет. Өтінімді басшы қолтаңбасы және мекеме мөрі басылған қағаз түріндегі ресми хатпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберу қажет. Толық ақпаратты Нұсқаулықтан табуға болады.

          ЭЦҚ алғаннан кейін және төлем балансы бойынша есеп беруден бұрын, Порталдың негізгі бетінде «Қолданушыларға арналған ақпарат» (есеп түрі «Төлем балансы бойынша есеп») бөлімінде орналасқан төлем балансы бойынша есеп беру субъектілерінің қолданушы Нұсқауымен танысып, Портал арқылы есеп тапсыруға кірісу қажет.

          Портал арқылы электрондық түрде тапсыруға болатын есептер тізімі, Порталдың негізгі бетінде «Қолданушыларға арналған ақпарат» бөлімінен («Есеп тапсыру бойынша ақпарат» → Есеп түрі «Төлем балансы бойынша есеп» à «Қосымша ақпарат» жолынан) табуға болады.

          Портал арқылы тапсырылатын төлем балансы бойынша статистикалық есеп беру нысанының Excel форматындағы үлгісі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында келесі жол бойынша орналасқан: www.nationalbank.kz  Статистика бөлімі  → «Статистикалық және әкімшілік есеп беру нысандары» шағын бөлімі → «Төлем балансы бойынша статистикалық есеп нысандарының тізімі » шағын бөлімі.