ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
02-04-2018

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы (ҚРҰБ АҚФ) Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына, Қазақстан Республикасында Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, тіркелген валюталық операциялар мен хабарлауға жататын операциялар бойынша тоқсан сайынғы есептерді ұсыну мерзімдерін  естеріңізге салады:

  • Коммерциялық кредитті, қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына №7-қосымша;
  • Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу бойынша есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына № 8-қосымша;
  • Валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына № 9-қосымша;
  • Шетел банкiндегi банктік шоттағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына № 11-қосымша.

2018 жылдың 1 тоқсандағы валюталық операциялар бойынша есептер жоғарыда аталған нысандар бойынша 2018 жылғы  сәуірдің 10-ына дейін (қоса алғанда) қабылданатын болады. 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары Ұлттық Банкінің интернет ресурсында орналастырылған (www.nationalbank.kz. жолы: «Нормативтік құқықтық база» бөлімі → «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» шағын бөлімі →  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  Басқармасының 28.04.2012 жылғы №154 «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы қаулысы» нормативті құжаты).        

Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларындағы  3-ші мен 4-ші қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша 2018 жылдың  1 тоқсандағы есептер 2018 жылғы  сәуірдің  20-сына дейін (қоса алғанда) қабылданатын болады. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары Ұлттық Банкінің интернет ресурсында орналастырылған (www.nationalbank.kz. жолы: «Нормативтік құқықтық база» бөлімі → «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» шағын бөлімі → Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015-жылғы № 263 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары нормативті құжаты).

2018 жылғы 1 тоқсанның төлем балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаулары мына мерзімде тапсырылады: №№ 2-ТБ, 3-ТБ, 4-ТБ, 5-ТБ, 6-ТБ, 10-ТБ нысандары 2018 жылғы  сәуірдің 30-ына дейін (қоса алғанда), ал № 1-ТБ нысаны – 2018 жылғы  мамырдың  10-ына дейін (қоса алғанда). Төлем балансы бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын ҚРҰБ-тың интернет ресурсында (www.nationalbank.kz. жолы: «Статистика» бөлімі → «Статистикалық және әкімшілік есеп беру нысандары» шағын бөлімі →  «Төлем балансы бойынша статистикалық есеп нысандарының тізімі » шағын бөлімі) табуға болады.

Сонымен бірге тапсырмай, мерзімінен тыс  және шынайы емес есептілікті   ұсынған үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (243,497 баптар бойынша) сәйкес жауапкершілікке тартылу туралы естеріңізге саламыз.

Сұрақтар туындаған кезде мынадай телефон номерлерімен хабарласуларыңызды сұраймыз:

1-ТБ нысаны және валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларының қосымшалары бойынша есептілікті ұсыну:  2443625, 2443638, 2443641, 2443642, 2443643, 2443644, 2443645, 2443646, 2443648  (303, 323 кабинеттер)  (AF­­_29@nationalbank.kz, AF­­_32@nationalbank.kz, AF_99@nationalbank.kz, Dzhantasova.a@nationalbank.kz,Akharkyn.Matibayeva@nationalbank.kz, Galiya.Turlybayeva@nationalbank.kz,kiilybayeva.sh@nationalbank.kz, Volobuyeva_S.@nationalbank.kz,zaripova@nationalbank.kz,      Kristina.Gebel@nationalbank.kz).

   Халықаралық қызмет көрсетулер мен валюталық мониторинг бойынша:  2443647, 2443649 (212 кабинет) (AF­­_23@nationalbank.kz, AF­­_31@nationalbank.kz). 

ҚРҰБ АҚФ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Төрағасының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 194 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»  2010 жылғы 21 желтоқсандағы №351 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.  Өзгерістер 1-ТБ, 2-ТБ, 3-ТБ, 4-ТБ, 5-ТБ, 6-ТБ және 10-ТБ нысандарына қатысты болды.

Бекітілген нысандарды толтыру жөнінде нұсқаулықтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында www.nationalbank.kz Статистика → Төлем балансы бойынша статистикалық есеп нысандарының тізімі бөлімінде орналасқан.

2018 жылғы 3 тоқсандағы есептен бастап, 1-ТБ, 2-ТБ, 3-ТБ, 4-ТБ, 5-ТБ, 6-ТБ және 10-ТБ нысандары бойынша есептерді ұсыну № 194 Бұйрықпен бекітілген нысандар бойынша жүзеге асырылатына назарыңызды аударамыз. Сонымен қатар, қағаз тасығышта 1-ТБ және 10-ТБ нысандары бойынша есептер үшін тек ақпараты толтырылған нысан бөлімдерінің бөліктері ұсынылады. Сонымен бірге, 1-ТБ нысаны бойынша есеп мазмұнында толтырылған бөлімдердің бөліктері бар болуы міндетті түрде көрсетіледі.

ҚРҰБ АҚФ орналасқан жері – Панфилов көшесі 98, Әйтеке би көшесімен қиылысы.  Есептер жұмыс күндері сағат 9.00-дан 12.30-ға дейін және 14.30-дан 17.30-ға  дейін қабылданады. Факс номерлері: 244-36-21, 244-36-39.

 

Есепті электрондық түрде тапсыру мүмкіндіктері туралы

 

            ҚРҰБ АҚФ төлем балансы бойынша статистикалық есеп беру нысандарын электрондық түрде «ҚРҰБ веб-порталы» ААШЖ (әрі қарай – Портал) арқылы ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлайды.

            Есепті Портал арқылы ұсыну оны қағаз түрінде ұсыну қажеттілігін алмастырады. Порталда жұмыс істеу бойынша ұсыныстар ҚРҰБ интернет-ресурсының есептерді ААШЖ «ҚРҰБ веб-порталы» арқылы электрондық түрде ұсыну бойынша жадынама  мына бөлімдерде баяндалған:

Статистика à статистикалық және әкімшілік есеп беру нысандары à төлем балансы бойынша статистикалық есеп нысандарының тізімі;

Валюталық реттеуà валюталық операцияларды тіркеу және олар туралы хабарлау режимдері.

               Жоғарыда аталған төлем балансы бойынша есептерді ұсынатын респонденттер «Төлем балансы бойынша есептер» модулінде  есеп тапсыратын респонденттерге арналған ақпарат  сілтемесін пайдалана алады.

            Порталмен жұмыс жасау үшін https://nbportal.nationalbank.kz сілтемесі арқылы өтіп, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту және Порталдың басты бетінде орналасқан Порталмен жұмыс жасау Нұсқаулығымен (әрі қарай - Нұсқаулық) танысу қажет.

            Нұсқаулықты қолдана отырып, Порталда «Есеп жазбасын жасау» пунктін басып, тіркеу рәсімін өту қажет. Есеп жазбасын жасағаннан кейін Портал арқылы кейінгі есептілікті тапсыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға Порталда онлайн өтінімді қалыптастырып, жіберу қажет. Өтінімді басшы қолтаңбасы және мекеме мөрі басылған қағаз түріндегі ресми хатпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберу қажет. Толық ақпаратты Нұсқаулықтан табуға болады.

            ЭЦҚ алғаннан кейін және төлем балансы бойынша есеп беруден бұрын, Порталдың негізгі бетінде «Қолданушыларға арналған ақпарат» (есеп түрі «Төлем балансы бойынша есеп») бөлімінде орналасқан төлем балансы бойынша есеп беру субъектілерінің қолданушы Нұсқауымен танысып, Портал арқылы есеп тапсыруға кірісу қажет.

            Портал арқылы электрондық түрде тапсыруға болатын есептер тізімі, Порталдың негізгі бетінде «Қолданушыларға арналған ақпарат» бөлімінен («Есеп тапсыру бойынша ақпарат» à Есеп түрі «Төлем балансы бойынша есеп» à «Қосымша ақпарат» жолынан) табуға болады.

          Портал арқылы тапсырылатын төлем балансы бойынша статистикалық есеп беру нысанының Excel форматындағы үлгісі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында келесі жол бойынша орналасқан: www.nationalbank.kz  Статистика бөлімі à «Статистикалық және әкімшілік есеп беру нысандары» шағын бөлімі à  «Төлем балансы бойынша статистикалық есеп нысандарының тізімі » шағын бөлімі.

 

Төлем балансының статистикасы бөлімінің бас экономист маманы Касымова Салтанат