Валюталық операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың назарына!
20-06-2016

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы қалалық филиалы (ҚРҰБ АҚФ) Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына, Қазақстан Республикасында Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тіркелген валюталық операциялар мен хабарлауға жататын операциялар бойынша тоқсан сайынғы есептерді ұсыну мерзімдері туралы естеріңізге салады:

  • Коммерциялық кредитті, қаржылай қарызды игеру және қызмет көрсету туралы есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына                      №7-қосымша;
  • Инвестициялау объектісінің капиталына қатысу бойынша есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына №8-қосымша;
  • Валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына №9-қосымша;
  • Шетел банкiндегi банктік шоттағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына №11-қосымша.

2016 жылғы 2-тоқсанның валюталық операциялар бойынша есептер жоғарыда аталған нысандар бойынша 2016 жылдың 10 шілдеге дейін (қоса алғанда) қабылданатын болады. 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары Ұлттық Банкінің интернет ресурсында орналастырылған (www.nationalbank.kz. жолы: «Нормативтік құқықтық база» бөлімі → «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» шағын бөлімі →  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  Басқармасының 28.04.2012 жылғы №154 «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы қаулысы» нормативті құжаты).

Назар аударыңыз - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №264 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №154 «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

 

Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларында  3-ші мен 4-ші қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша 2016 жылдың 2 тоқсандағы есептер 2016 жылғы 20 шілдеге дейін (қоса алғанда) қабылданатын болады. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары Ұлттық Банкінің интернет ресурсында орналастырылған (www.nationalbank.kz. жолы: «Нормативтік құқықтық база» бөлімі → «Валюталық реттеу және валюталық бақылау» шағын бөлімі → «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 263 қаулысы).     

Назар аударыңыз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №263 «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің валюталық операцияларына мониторингті жүзеге асыру қағидалары» қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі  Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы №122 «Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингін жүзеге асыру ережесі» қаулысына өзгерістер енгізілді.

2016 жылдың 2-тоқсанның төлем балансы бойынша статистикалық есептері белгіленген мерзімде тапсырылады: №№ 2-ТБ, 3-ТБ, 4-ТБ, 5-ТБ, 6-ТБ, 10-ТБ нысандары 2016 жылғы 30 шілдеге дейін (қоса алғанда), ал № 1-ТБ нысаны – 2016 жылғы 10 тамызға  дейін (қоса алғанда). Төлем балансы бойынша ведомстволық статистикалық есептіліктің нысандарын ҚРҰБ-тың интернет ресурсында (www.nationalbank.kz. жолы: «Статистика» бөлімі → «Статистикалық есептердің нысандары» шағын бөлімі →  «Төлем балансы бойынша» шағын бөлімі) табуға болады.

Сонымен бірге тапсырмай, мерзімінен тыс  және шынайы емес есептілікті   ұсынған үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (243,497 баптар бойынша) сәйкес жауапкершілікке тартылатыныңыз туралы естеріңізге саламыз.

Сұрақтар туындаған кезде мынадай телефон номерлерімен хабарласуларыңызды сұраймыз:

Тіркеу мен хабарлау мәселелері туралы: 2443635, 2443636, 2443637  (319 кабинет) (AF­­_96@nationalbank.kz);

            1-ТБ нысаны бойынша, валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларының қосымшалары бойынша есептілікті ұсыну:  2443625, 2443638, 2443641, 2443642, 2443643, 2443645, 2443646, 2443648  (303, 323 кабинеттер)  (AF­­_29@nationalbank.kz,AF_99@nationalbank.kz, Dzhantasova.A@nationalbank.kz, Ospanova.d@nationalbank.kz,  Kiilybayeva.sh@nationalbank.kz, Volobuyeva_S.@nationalbank.kz,    Kristina.Gebel@nationalbank.kz, Akzharkyn.Matibayeva@nationalbank.kz,  Ainura.Kydiralieva@nationalbank.kz)

Халықаралық қызмет көрсетулер мен валюталық мониторинг бойынша:  2443647, 2443649 (306 кабинет) (AF­­_23@nationalbank.kz, AF­­_31@nationalbank.kz). 

ҚРҰБ АҚФ орналасқан жері – Панфилов көшесі,98, Әйтеке би көшесімен қиылысы.  Есептер жұмыс күндері сағат 9.00-дан 12.30-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ға  дейін қабылданады. Факс номерлері: 244-36-21, 244-36-39.

 

Есепті электрондық түрде тапсыру мүмкіндіктері туралы

 

          Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем балансы бойынша статистикалық есеп беру нысандарын электрондық түрде «ҚРҰБ веб-порталының пилоттық жобасы» ААШЖ (әрі қарай – Портал) арқылы ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлайды.

          Есепті Портал арқылы ұсыну оны қағаз түрінде ұсыну қажеттілігін алмастырады.

 

          Порталмен жұмыс жасау үшін https://nbportal.nationalbank.kz сілтемесі арқылы өтіп, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту және Порталдың басты бетінде орналасқан Порталмен жұмыс жасау Нұсқаулығымен (әрі қарай - Нұсқаулық) танысу қажет.

          Нұсқаулықты қолдана отырып, Порталда «Есеп жазбасын жасау» пунктін басып, тіркеу рәсімін өту қажет. Есеп жазбасын жасағаннан кейін Портал арқылы кейінгі есептілікті тапсыру үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға Порталда он-лайн өтінімді қалыптастырып, жіберу қажет. Өтінімді басшы қолтаңбасы және мекеме мөрі басылған қағаз түріндегі ресми хатпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберу қажет. Толық ақпаратты Нұсқаулықтан табуға болады.

          ЭЦҚ алғаннан кейін және төлем балансы бойынша есеп беруден бұрын, Порталдың негізгі бетінде «Қолданушыларға арналған ақпарат» (есеп түрі «Төлем балансы бойынша есеп») бөлімінде орналасқан төлем балансы бойынша есеп беру субъектілерінің қолданушы Нұсқауымен танысып, Портал арқылы есеп тапсыруға кірісу қажет.

         

Портал арқылы электрондық түрде тапсыруға болатын есептер тізімі, Порталдың негізгі бетінде «Қолданушыларға арналған ақпарат» бөлімінен («Есеп тапсыру бойынша ақпарат» à Есеп түрі «Төлем балансы бойынша есеп» à «Қосымша ақпарат» жолынан) табуға болады.

 

Портал арқылы тапсырылатын төлем балансы бойынша статистикалық есеп беру нысанының Excel форматындағы үлгісі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында келесі жол бойынша орналасқан: www.nationalbank.kz  Статистика бөлімі à Статистикалық есеп беру нысандары à Төлем балансы бойынша.