Ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын толтыру кезінде жиі кездесетін сұрақтар
02-06-2017
  1. 1-ТБ (төлем балансы) «Резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» (код 7321202, кезеңділігі тоқсандық)

 

Сұрақ:  Ведомстволық статистикалық бақылаудың 1-ТБ (төлем балансы) «Резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар және олардың алдындағы міндеттемелер туралы есеп» (код 7321202, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысанын ұсыну міндеті кімге жүктеледі?

Жауап: Мұндай статистикалық нысанды:

- сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын, тиісінше резидент еместерге қойылатын талаптар және (немесе) резидент еместер алдындағы міндеттемелер бар ұйымдар;

- шетелдік қатысуы бар ұйымдар ұсынады.

Статистикалық нысанды:

-  мемлекеттік басқару органдары;

-  банктер;

- өз қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдары ұсынбайды.

         Статистикалық нысанды ұсыну мерзімі оның титул бетінде көрсетілген  - есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-күнінен кеш емес. Статистикалық нысанды ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, мерзімнің аяқталған күні сол күннен кейінгі жұмыс күні есептеледі. 

 

Сұрақ: 1-ТБ бойынша статистикалық нысандарды, үлгілерді (excel)   қайдан табуға болады?

Жауап: Төлем балансы бойынша статистикалық нысандардың тізбесі, үлгілері (excel) және оларды толтыру бойынша нұсқаулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) аумақтық филиалдарының байланыс деректері Ұлттық Банктің  www.nationalbank.kz адресі бойынша интернет-ресурсында «Статистика» → «Статистикалық және әкімшілік есептердің нысандары» → «Төлем балансы бойынша статистикалық есептер нысандарының тізбесі» → «1-тб үлгісі» бөлімінде орналастырылған.

 

            Сұрақ: Статистикалық есепті электрондық түрде өткізуге мүмкіндік бар ма?

            Жауап: Мүмкіндік бар - «ҚРҰБ веб-порталының пилоттық жобасы» ААШЖ арқылы(бұдан әрі – ҚРҰБ порталы) - https://nbportal.nationalbank.kz, Excel форматында толтырылған үлгіні жүктеу жолымен.

            Есепті ҚРҰБ порталы арқылы ұсынған жағдайда есепті қағаз тасымалдағышта ұсыну қажет емес.

 

            Сұрақ: Есептерді ҚРҰБ порталы арқылы өткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қайдан және қалай алуға болады?

            Жауап: Қазіргі уақытта есептерді ҚРҰБ порталына ұсыну «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ҚБЕО ЭЦҚ) пайдалана отырып жүзеге асырылады. Оны алу үшін https://nbportal.nationalbank.kz сілтеме бойынша Портал парақшасына кіру  қажет, талап етілген бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктеу/жаңарту қажет және негізгі бетте орналастырылған ҚРҰБ Порталымен жұмысты бастау жөніндегі нұсқаулықпен (бұдан әрі – Нұсқаулық) танысуға болады.

Нұсқаулықты қолдана отырып, «Есептік жазбаны құру» тармағына өту және басу арқылы ҚРҰБ Порталында тіркеу рәсімінен өту қажет. ҚРҰБ Порталында есептік жазбаны құрғаннан соң ҚРҰБ Порталында есепті кейіннен өткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) алуға он-лайн өтінімді жасап және жіберу қажет. Сонымен бірге ресми хатпен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық технологиялар бөлімшесіне (050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-3 ш/а.,  21-үй) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған қағаз тасымалдағышта жіберу қажет. Толық ақпаратты Нұсқаулықтан табуға болады. 

 

Сұрақ: 1-ТБ нысаны бойынша үлгіні толтырған кезде пароль сұралады. Парольді хабарлауды сұраймыз.

Жауап: Үлгі дұрыс толтырылған кезде пароль енгізу талап етілмейді. Пайдаланушы атауы берілген және/немесе қорғалған саланы редакциялау әрекетін жасаған, атап айтқанда елдің атауын қолмен енгізген, рұқсат етілген бөлім шегінен тыс мәндерді енгізген/есептеген, көрсеткіштердің атауларын қайта берген және т.б. болса, файл парольді енгізуді сұрайды. Тиісті бөлім бойынша деректер толтыруды бастамас бұрын, бастапқыда керек бөлімде елді қосу қажет. Елді қосу менюдегі «Теңшеу» à«Елдер» à «Елді қосу» тармағын таңдау арқылы бөлімнің әрбір бөлігі бойынша жеке жүзеге асырылады.

«Теңшеу» парағы болмаса не «Теңшеу» парағы болса, бірақ «Теңшеу» парағында енгізілген тармақтар жоқ болса, онда менюдегі Файл à Параметрлер à Қауіпсіздікті басқару орталығы санаты à Қауіпсіздікті басқару орталығының параметрлері түймешігі à Макростар параметрлері à «Хабарлама беріп барлық макростарды ажырату» à ок. түймешігін басу тармақтарынан өтіп, Жабу (сақтап) және үлгіні қайта ашу керек және елдерді қосуға және деректерді толтыруға кірісуге болады.  

 

 

Сұрақ: 1-ТБ есебіндегі сомалар қай валютада көрсетіледі?

Жауап:  1-ТБ есебіндегі барлық сома тек қана АҚШ долларында мыңмен, бүтін санмен (домалақтау жолымен) көрсетіледі. Өзге де шетел валютасында көрсетілген сомалар бастапқыда теңгеге, содан кейін АҚШ долларына аударылады.

Анықтама үшін:  Кірістің барлық түрлері жалпы негізінде, яғни салықтар шегерілией көрсетіледі.

 

Сұрақ:  1-ТБ есебінде бөлінбеген пайда (орны толтырылмаған шынын) туралы ақпаратты қалай көрсетуге болады?

 

Жауап: Есепті кезең басындағы мен соңындағы бөлінбеген пайда (орны толтырылмаған шынын) туралы ақпарат 1-ТБ есебінде  10-бөлімнің 10.1-бөлігінің тиісінше 2211011 және 2211016 жолдар бойынша көрсетіледі. Бөлінбеген пайда (орны толтырылмаған шынын)  —  белгіленген күндегі жағдай бойынша дивиденттер түріндегі инвесторлардың арасында бөлінбеген ұйым пайдасының қоры (өткен есепті кезеңдерде қызметтің барлық түрлерін енгізу нәтижесінде ұйым шеккен залал сомасы).  2211011 және 2211016 жолдар респондент капиталындағы шетелдік инвесторға пропорционалды тиесілі үлес бойынша толтырылады. Бөлінбеген пайда (орны толтырылмаған шынын) респонденттің қаржылық есептілігі, атап айтқанда бухгалтерлік баланстың немесе шетелдік инвестордың иелену үлесі ескерілген, тиісті кезеңде капиталдағы өзгерістер туралы есептің негізінде толтырылады.

Сұрақ: Қаржылық есептілікте 1-ТБ есебінде  10-бөлімнің 10.1-бөлігінің 2211014 көрсеткіші бойынша ақпаратты көрсету үшін валюта бағамы өзгергеннен болатын шығындарды шегергенде, кірістерді қалай табуға болады?

Жауап: Мұндай көрсеткіш шетелдік инвестордың иелену үлесі ескерілген, «Бағам бойынша өзге кірістер» 6250-шот және «Бағам бойынша өзге шығыстар» 7430-шот бойынша айналым-сальдолық ведомосындағы бағам айырмасы бойынша нетто болып табылады.

  1. "Резидент еместерден алынған (резидент еместерге ұсынылған) көлік қызметтері туралы есеп" (коды 7331202, индексі 2-ТБ, кезеңділігі тоқсандық)

Сұрақ: Қандай кәсіпорындар  2 ТБ есебін тапсыруы тиіс?

 Жауап: Ведомстволық статистикалық байқаудың 2-ТБ статистикалық нысаны авиациялық, автомобиль, теңіз (өзен), құбыр көлігі, электр энергиясын тасымалдарын жүзеге асыратын  және көрсетілген көлік түрлерімен делдалдық қызмет ұсынатын көліктік-экспедициялық кәсіпорындар (бұдан әрі КЭҚ) бойынша тапсырылады. Есеп беру мерзімі – есепті кезеңнен кейін 30 күннен кешіктірмей.

Сұрақ: 2 ТБ есебін  толтыру  ерекшеліктері?

Жауап: Жүк тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындар 2-ТБ нысанының А, В және Г  бөлігін толтырады. Бұл ретте, А бөлігінің «Қазақстан импортын тасымалдау» және «Қазақстан экспортын тасымалдау» көрсеткіштері бойынша әріптес елдердің атауында,  жүк әкелінген немесе жүк жеткізілген елдің атауы көрсетілуі  тиіс.

             Жолаушыларды тасымалдауды  жүзеге асыратын кәсіпорындар 2-ТБ нысанының Б, В және Г бөліктерін толтырады. Бұл ретте, Б бөлігінде «Қазақстанда сатылған билеттер» көрсеткіші, Қазақстан Республикасында кәсіпорынның өзінің рейстеріне сатылған билеттердің құнын қамтиды; «Басқа елдерде сатылған билеттер» көрсеткіші - кәсіпорынның шетелдегі өкілдіктерінде кәсіпорынның рейстеріне сатылған билеттердің құнын қамтиды.

            Көлік-экспедициялық қызметтер көрсететін, көбінесе жүк тасымалдауды  ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар,  әдетте 2-ТБ нысанның В және Г бөлімдерін толтырады-  «Экспедиторлық және басқа агенттік қызметтер үшін комиссиялық сыйақы» көрсеткіштері (120, 230 кодтары). В бөлігінде резидент еместерден алынған, ал Г бөлігінде резидент еместерге көрсетілген қызмет үшін төленген сома көрсетіледі.

 

  1. «Резидент еместермен халықаралық операциялар туралы есеп»

 (коды 7401202, индексі 10-ТБ, кезеңділігі тоқсандық)

 

Сұрақ: Бағдарламалық қамтамасыз ету және осыған байланысты лицензияларды сату (сатып алу)  қайда көрсетіледі?

Жауап: Тапсырыс берілген және тапсырыс берілмеген (жаппай шығарылған) бағдарламалық қамтамасыз етуді  және осылармен байланысты лицензияларды, кәсіпорынның жұмысында  әрі қарай қолдану үшін (қайта сату, өсімін молайту және тарату үшін алынғандарды қоспағанда), сату (сатып алу) 10-ТБ нысанының  1-бөлігінде «компьютерлік қызмет көрсету» атты коды 30 жолда (сату жағдайда), немесе коды 140 жолда (сатып алған жағдайда) көрсетіледі                     

                  

Сұрақ: Қызметкерледі оқыту (біліктілігін арттыру, тренингтер, семинарлар) қай жолда көрсетіледі?

Жауап: Кәсіпорынды дамыту үшін қажет мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында, семинарлар мен курстарда даярлау және қайта даярлау бойынша оқытулар, 10-ТБ нысанының 1-бөлігінде  қызмет көрсетулердін (оның ішінде әр түрлі іскерлік) тиісті түрлері бойынша жіктеледі. Мысалы, нақты кәсіпорындар үшін әзірленген, бағдарламалық қамтамасыз етумен және компьютерлік техника жұмыс істеуімен байланысты қызметтер бойынша мамандарды оқыту, 10-ТБ есебінде компьютерлік қызметтер болып көрсетіледі; сәулет-инженерлік қызмет көрсету саласындағы мамандарды оқыту – сәулет, инженерлік және техникалық қызметтер ретінде  көрсетіледі және тағы басқалар.

Алайда жеке тұлғаларды оқытуға ұйым шығыстарын  өтеу, оның ішінде жоғары оқу орындарында студенттерді оқыту, кәсіпорын қызметімен байланысты емес  семинарларда немесе курстарда қызметкерлерді оқыту   10-ТБ нысанының 1-бөлігінде "Жеке тұлғаларға қызмет көрсету және мәдениет пен демалыс саласындағы қызмет көрсету" жолының, қосымша "оқыту (сапарлар)" жолында көрсетіледі.

 

Сұрақ: Делдалдық қызметтер үшін комиссиялық сыйақы қай жерде көрсетіледі?

Жауап: Қоймаларда тауарларды сақтау қызметтерін қоспағанда, тауарлармен және қызмет көрсетулермен делдалдық қызметтер үшін комиссиялық сыйақы  10-ТБ нысанының 1-бөлігінде "Әр түрлі іскерлік қызмет көрсетулер", «саудамен байланысты қызмет көрсету» ретінде  (90 жолдың коды бойынша резидент еместерден алынған комиссиялық сыйақы немесе 200 жолдың коды бойынша резидент еместердің пайдасына төленген комиссиялық сыйақы) көрсетіледі.

 

Сұрақ: Халықаралық конференцияларға, форумдарға, конгрестерге қатысқан үшін, төленген сома  қай жерде көрсетіледі?

Жауап: Халықаралық конференцияларға, форумдарға, конгрестерге қатысқан үшін, төленген сомалар, 10-ТБ   нысанының  1-бөлігінде «басқа да іскерлік қызметтер» жолдында (коды 91 немесе 201) көрсетіледі.

 

 

Сұрақ: 10-ТБ нысаны бойынша 4-бөлім қандай жағдайларда толтырылады?

Жауап: Егер ұйым тауарлар экспорты және (немесе) импортын жүзеге асырған кезінде және осы тауарларды тасымалдау бойынша шығыстарды резиденттерге немесе резидент еместерге төлейтін болса, онда 10-ТБ нысанының  "Көлік қызмет көрсету" атты 4 бөлім толтырылу қажет. Бұл ретте, егер ұйым  экспорттық тауарлар тасымалдау  бойынша шығын көтерсе, онда 10-ТБ нысанының 4-бөлігінде сондай-ақ тауарлар экспортының құны да қөрсетіледі.  Соған ұқсас импорттық тауарларды тасымалдағанда тауарлар импортының құны қөрсетіледі. Экспорттық (импорттық) тауарларды тасымалдау шығыстары болмаған кезде, 10-ТБ нысанының 4 бөлігінде тауарлар экспорт (импорт) құны бойынша тиісті  көрсеткіштер толтыру талап етілмейді.

 

Сұрақ: «Материалдық емес активтермен  операцияларға»  не жатады?

Жауап: Материалдық емес активтермен операциялар 10-ТБ нысанының 5 бөлігінде көрсетіледі және брендтердің атаулары, мерзімді басылымдар атаулары, сауда белгілері, логотиптер мен домен  аттары сияқты маркетинг активтерін сату және сатып алу; спортшының бір клубтан басқасына өткені үшін трансфертке ақы төлеуді қамтиді.

 

 

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Алматы қалалық филиалы дайындады

 

 

Анықтама үшін телефондар:

1-ТБ нысаны бойынша: 244-36-25, 244-36-38, 244-36-41, 24436-42, 244-36-43, 244-36-44, 244-36-45, 244-36-46, 244-36-48;

2-ТБ, 10-ТБ нысандары бойынша: 2443647, 2443649.