Жеке кәсіпкерлерді тарату
18-03-2016

Салық кодексінің 43-бабына сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілер, кіріс пен шығыстың жеке есебін қолданып, белгіленген мерзімде  қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер (әрі қарай-ЖК), Салық кодексінің 586-бабы сәйкес камералды бақылау талабымен тарату жүргізіледі.

Қызметін тоқтатқан кезде, мемлекеттік тіркеуден өткен, жеке кәсіпкер куәлігін ұсынуды, және ЖК қызметін тоқтату жайлы баспасөзде жариялау қажет емес. Сонымен бірге, банк организацияларынан, банк есеп шоттарының жабылуы туралы және жеке кәсіпкер мөрінің жойылуы туралы мәлімет ұсынуды қажет етпейді.

Сонымен қатар Салық кодексі 43-1 бабының 2 тармағында қарастырылған мынадай жеке кәсіпкерлер қызметінің тоқтатылуы камералдық бақылаусыз жасалуы мүмкін болады:

Салық төлеушіден жұмыстың тоқтатылуы жайлы өтініш;

Салықтық есеп беруді уақытша тоқтату немесе патент есептігін тапсырмау туралы салық өтінішіндегі жазбаша келісім.

Салық органдары белгіленген мерзім аралығында ЖК кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алынған жеке тұлғаға қатысты камералдық бақылау жүргізуге құқылы.

Бұл жағдай жеке кәсіпкердің тарату процедурасын жеңілдетіп, қағазбастылық жағдайының болмауын, уәкілетті органдарға сауалдарды жіберу жұмыстарын жеңілдетті.

Подпишитесь на новости и получайте раз в неделю нашу информационную рассылку